07:39, 16 Қазан 2012 | GMT +5
«Астана су арнасы» МКК-ның жұмысшысын тоқ ұрды - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - Кеше күндіз Астана қаласының Есіл ауданында Қорғалжын тас жолында орналасқан «Астана су арнасы» МКК-ның
кәріздік тазарту құрылғыларында электр қалқанын іске қосу кезінде сымдардың қысқа тұйықталуы болды.
ҚР ТЖМ-нан хабарланғандай, салдарынан «Астана су арнасы» МКК-ның 67 жастағы энергетигін тоқ ұрып, ол ауруханаға жеткізілді.