Астана су арнасы сенбілікке арнайы техникалар бөледі

АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Экологиялық айлық аясында өтетін 20 сәуірдегі Астана қаласының аумағын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жалпықалалық сенбілігіне қалалық Су арнасы мекемесінің қызметкерлері белсене қатыспақ.
None
None

Бұл туралы astana.kz сайтына «Астана су арнасы» МКК-дан мәлім етті.

«Коммуналдық сенбілікке су арнасының барлығы 1000-нан астам қызметкері шығады. Акцияға қатысуға көмекке мамандандырылған арнайы техникалар, атап айтқанда: 12 КамАЗ, 6 тиеу машинасы және 6 трактор бөлінеді», - деп хабарлайды кәсіпорыннан.

Сенбілік кезінде «Астана су арнасы» МКК қызметкерлері Абай даңғылы, Циолковский, Кенесары және М. Ломоносов көшелерінің бойындағы күл-қоқыстарды тазалап, сыпыруды жоспарлауда.

Қалалық су арнасы кәсіпорнының қызметкерлері экологиялық сенбілікке үнемі белсене қатысатындығын атап айтқан жөн. Ол өздері тұрып, жұмыс істейтін аумақтың инженерлік коммуникацияларын, кәріздерін тұрақты бақылауда ұстап, жиналып қалған қоқыстарды жүйелі түрде тазалап отырады.

Соңғы жаңалықтар