«Астана су арнасы» жас мамандарды жұмысқа тартуға мүдделі

АСТАНА. 17 маусым. ҚазАқпарат - «Астана су арнасы» жас мамандарға, сондай-ақ, ЖОО түлектеріне кәсіпорын базасында өндірістік тәжірибеден өтуді ұсынады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.

«Астана су арнасы» жас мамандарды жұмысқа тартуға мүдделі

Кәсіпорында елордалық су арнасының өнімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті инженерлік-техникалық мамандар тапшы.

Бүгінгі таңда кәсіпорынға бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика (БӨҚжА) инженерлері, су тартатын және кәріз желіні пайдалану жөніндегі инженерлер, Орталық-диспетчерлік қызмет диспетчерлері, инженер-технологтар, тәртіп тобының инженерлері, сондай-ақ басқа техникалық қызметкерлер қажет.

«Астана су арнасының» өнімді жұмыс істеуі үшін жұмысқа қабылдауда негізінен «Сумен жабдықтау және кәріз» мамандығы бойынша жоғары білімінің болуы маңызды болып табылады.

Кәсіпорын бос орындарының толық тізбесі «Астана су арнасы» сайтында «Бос орындар» тарауында ұсынылған.