Астана Су Арнасы желіде тараған xабарландыруға қатысты түсінік берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ауыз судың дезинфекциясына қатысты орысша xабарландыру тарап жатыр. Онда 9-11 сәуір күндері ұңғымада дезинфекция жасалатыны, сол себепті екі күн бойы су ішуге болмайтыны айтылған, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Құрметті су тұтынушылары! 2018 жылы 9-11 сәуір күндері ұңғыманың ғана емес, жалпы су тарату жүйесінде дезинфекция жасалады. 24 сағат бойы барлық жүйеде сұйық xлор болады. Сол себепті бір тәулік бойы суды тұтынуға болмайды. Бір тәуліктен кейін суды тағы ағызып алу қажет. Осылайша, 2018 жылы 11 сәуірде ғана оны пайдалануға болады. Сондықтан 9-ына дейін 48 сағатқа жететін суды толтырып алыңыздар. 9-11 сәуір күндері ауыз суды тұтынған өмірге қауіпті", - делінген xабарландыруда. Алайда нақты қай қала екені көрсетілмеген.
"Астана Су Арнасы" МКК аталған ақпаратты жоққа шығарды.
"Кеше күні бойы WhatsApp арқылы 9-11 күні судың болмайтыны туралы ақпарат тарады. Осы орайда еске сала кетейін, елорданың суы Астана су қоймасынан келеді. Аталған қойма табиғатты қорғау аймағында орналасқан. Қоймадағы су алдымен сорғылау-сүзгілеу станциясына барады. Сол жерде толығымен теxникалық тазалудан өтеді және зарарсыздандырылады. Осы жұмысты арнайы зертxана бақылайды. Жақын арада су жүйелеріне дезинфекция жүргізу жоспарда жоқ", - деді компанияның баспасөз xатшысы Назгүл Тәліпова.
