«Астана су арнасының» 4 қызметкері метан газынан уланып көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында 4 адам метан газынан уланған. Бұл туралы ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Астана су арнасының» 4 қызметкері метан газынан уланып көз жұмды

Оқиға елордадағы Оқушылар сарайының маңындағы құдықтардың бірінде болған. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, уланғандардың барлығы көз жұмған.

Қала әкімі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, төртеуі де - «Астана су арнасы» коммуналдық мекемесінің қызметкерлері.

«Өзімнің және әкімдіктің атынан марқұмдардың отбасына қайғырып көңіл айтамын. Әкімдік барлық қажетті көмекті көрсетеді. Тиісті қызметтерге егжей-тегжейлі тергеу жүргізіп, қайғылы оқиғаның себептерін анықтауды тапсырдым», - деп жазды қала басшысы Facebook парақшасында.