Астана су қоймасында су қоры тапшылығы қалай шешіледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елорда іргесіндегі Астана су қоймасына Ертіс және Есіл өзені арқылы қосымша су қоры жеткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана су қоймасы бойынша бүгінде уайымдайтындай еш мәселе жоқ. Қоймадағы су қоры нормаға жуық, 300 млн текше су бар. Жыл сайын елорда жұртын сумен қамту үшін 95 млн текше су қажет. Алдағы уақытта су тапшылығы мәселесі туындайды. Өйткені, қала халқы жыл санап өсіп келеді. Осы орайда Астана су қоймасында қосымша су қорын реттеу үшін біздің министрлік екі жобаны жүзеге асырып жатыр. Ол бойынша Ертіс бассейнінен Есіл өзеніне қосымша су қоры жеткізіледі»,- деді ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі су ресурстары комитеті төрағасының міндетін атқарушы Досбол Бекмағамбетов «Қазгидромет» мекемесінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанда көктемгі су тасқынына дайындық шаралары басталды.

Сонымен қатар, еліміз бойынша ақпан айындағы күн райына болжам жасалды.

Спикердің мәлімдеуінше, ақпанда еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормаға жақын.

Оңтүстік өңірлерде нормадан 1 градус жоғары. Ақпан айында жауын-шашын республиканың басым бөлігінде қалыпты нормаға жуық болады деп күтіліп отыр.


Ашық көздерден алынған фото

Соңғы жаңалықтар