Астана Су полосынан Қазақстан чемпионатының екінші туры басталды
АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астанада Су полосынан Қазақстан чемпионатының екінші туры басталды.
Оған Астанадан, Алматы мен Жамбыл және Қарағанды облыстарынан спортшылар қатысуда.
Жарыс 17 желтоқсанға дейін күн сайын, сағат 10.00-17.00 аралығында «Қазақстан» спорт сарайында өтетін болады.
Чемпионаттың екінші турына 16 жастан үлкен және одан кіші жас аралығындағы спортшылар қатысуда.