00:09, 22 Шілде 2015 | GMT +5
Астана су спорты түрлерінен 2020 жылғы әлем чемпионатын өткізуден үмітті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана (Қазақстан), Әбу-Даби (БАЭ) және Лима (Перу) су спорты түрлерінен 2020 жылғы әлем чемпионатын өткізу құқына үміткер болып отыр, деп хабарлады «Р-Спорт» агенттігіне Халықаралық жүзу федерацияның атқарушы директоры (FINA) Корнел Маркулеску.
2020 жылғы әлем чемпионатын өзінде қабылдайтын қала Қазанда 22 шілде күні белгілі болады.
«Дауыс беру 22 шілдеде өтеді. Үш қала өзінде әлем чемпионатын өткізуге таласады. Олар - Астана, Лима және Әбу-Даби»,- деп мәлім етті Маркулеску.