«Астана» сырт алаңда «Вильярреалдан» ірі есеппен ұтылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» футбол клубы Еуропа Лигасының плей-офф сынында өткізген қарымта матчта испандық «Вильярреалға» 4:0 есебімен жол берді.
None
None

Ойынның алғашқы минуттарынан бастап, өз алаңында «Вильярреал» командасы белсенді болды. Матчтың 21 минутында Лусиано Виетто қонақтар қақпасына бірінші допты тоғытты. «Астана» футболшылары есе қайтаруға тырысқанымен, одан түк шықпады.

Екінші таймда испандықтар өз басымдығын одан әрі бекіте түсті, 54-минутта Виетто дубль авторы атанды. Жеті минуттан соң бас қазы «Астана» қақпасына пенальти белгіледі. Бруно Сориано оны мінсіз орындап, «Астана» қақпасына үшінші голды салып кетті. Ал төртінші допты астаналықтардың қақпасына Лукас Лейва тоғытты.

Еске сала кетейік, «Астана Аренада» өткен алғашқы матчта «Вильярреал» жергілікті команданы 3:0 есебімен жеңген болатын.

Соңғы жаңалықтар