Астана тамыздың 16-сында Спорт күнін атап өтеді
АСТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат - Тамыздың 16-сында Астанада «Спорт - баршаға!» деген ұранмен Спорт күніне арналған іс-шаралар өтеді. Бұл шараны Астана әкімдігі мен елордалық туризм және спорт басқармасы ұйымдастырып отыр.
Тамыздың 16-сында елорданың барлық спорт алаңдарында спорттың кез-келген түрімен айналысу мүмкіндігі жасалады, бұл күні барлық спорт нысандарында ашық есік күні болады.
Есіл, Сарыарқа, Алматы аудандарында, атап айтқанда сағат 10.00 бастап - Оқушылар сарайының алдында, сағат 11.00 бастап - «Астана саябағы» аллеясында, сағат 12.00 бастап - «Отан қорғаушы» алаңында балалар үшін, жастар мен ересектер үшін бұқаралық дене шынықтыру шаралары өтеді.