«Астана Таңдауы - 2014» байқауында 250 қатысушы бақ сынайды
Сәуір айынан бастап 31 мамырға дейін байқауға қатысуға ниетті адамдар жеті аталым бойынша өтініштерін ұсынды. Ертең, 1 маусымда, Астана қаласы әкімдігінің сайтында педагогтар, дәрігерлер, жол салушылар, энергетиктер, жолаушылар көлігінің жүргізушісі, учаскелік инспектор мен құрылысшылар арасында үздіктерді анықтау бойынша ашық дауыс беру басталады.
Объективті дауыс беруді қамтамасыз ету үшін әрбір елорда тұрғыны Астана қаласы әкімдігінің сайтында бір электронды мекенжайдан бір ғана дауыс бере алады. Осылайша дауыс беру арқылы нағыз көшбасшылар анықталады.
Қазіргі уақытта ұйымдастырушы комитетке 250 өтініш келіп түсті. Әр аталым бойынша үздіктер 1-20 маусым аралығында Астана әкімдігінің www.astana.gov.kz сайтында таңдалады.
Еске салайық, «Астана Таңдауы» байқауының жеңімпаздары халықтың танымына ие болып, Астана қаласының әкімі өз қолымен кубок табыстайды, басқа да көптеген тосын сый ұсынылады.