«Астана Таңдауы-2014» байқауында ашық халықтық дауыс беру бойынша рекорд орнатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада 1 маусымда «Астана Таңдауы-2014» байқауында ашық халықтық дауыс беру басталды. Бұл туралы astana.kz сайтына «Бәйтерек» халықаралық медиа орталығынан хабарлады. Алғашқы екі тәуліктің ішінде сайтта 2223 адам дауыс берген.
None
None

Байқауға қатысуға өтініштер қабылдау сәуір айынан 31 мамырға дейін жүргізілді. Осы уақыт ішінде 250 өтініш келіп түсті. Соның ішінде 195 номинант іріктеп алынды, олар дауыс беруге қатысуда.

Ең көп өтініш мұғалімдерден келіп түскен - 65, екінші орында энергетиктер - 39, үшінші - дәрігерлер - 31, содан кейін құрылысшылар - 25, жүргізушілер - 14, учаскелік полиция инспекторлары - 13 және жол жөндеушілер - 8.

Дауыс беруге тек тіркелген пайдаланушылар ғана қатыса алады. www.astana.gov.kz сайтында дауыс беру кезеңінде әр аталым бойынша бір үміткерге бір рет қана дауыс беруге болады. Дауыс беру парақшасында қатысушылар әр санат бойынша алфавит бойынша жазылған.

Еске салайық, «Астана Таңдауы» байқауының мақсаты қала тұрғындарының пікірінше үздік маман иелерін: педагогты, қоғамдық көлік жүргізушісін, учаскелік инспекторды, дәрігерді, энергетикты, жол жөндеуші мен құрылысшыны анықтау.

Байқау жеңімпаздары халықтың танымына ие болады және Астана қаласының әкімі оларға кубок пен грамота табыс етеді. Сонымен қатар, жеңімпаздар туралы шағын деректі фильм түсіріліп, фотосессия ұйымдастырылады, елорда көшелерінде үздік маман иелерінің бейнесі мен есімдері жазылған билбордтар пайда болады.

Соңғы жаңалықтар