Астана тарихында құрылыс саласындағы үздік нәтиже орын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана тарихында құрылыс саласындағы үздік нәтиже орын алды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Астана қаласы әкімінің орынбасары Сергей Хорошун мәлім етті.

Астана тарихында құрылыс саласындағы үздік нәтиже орын алды

«Өткен жылдың қорытындысында құрылыс жұмыстарының көлемі 472 млрд. теңгені құрап, 1 млн. 759 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл елорда тарихындағы ең үздік көрсеткіш. Бұған қоса, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі өткен жылғы көрсеткіштен 146 пайызғаартық», - деді елорда әкімінің орынбасары.

С.Хорошун алға тартқан деректерге сәйкес, өткен жылдың ішінде жалпы аумағы 2 млн. 371 мың шаршы метрді құрайтын 1135 түрлі нысандар пайдалануға берілген. Бұған қоса құны 132 млрд. теңгені құрайтын 107 әлеуметтік нысан, оның ішінде 1200 орынға арналған 4 жалпы білім беретін мектеп, 1720 балаға арналған 8 балабақша өз жұмысын бастаған.

«Денсаулық сақтау саласы нысандарынан 250 төсек-орындық балалар жұқпалы аурулары ауруханасы, Медициналық-әлеуметтік оңалту орталығы, сол жағалаудағы амбулаторлық-емханалық кешен, Президент Іс басқармасының клиникалық-оңалту орталығы пайдалануға берілгенін атап өткім келеді», - деді ол.