Астана тасқын судан қалай қорғалып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда әкімдігінің өкілдері су тасқынын болдырмау жөнінде жұмыстарды таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана тасқын судан қалай қорғалып жатыр

«Астана әкімі Әсет Исекешев 2018 жылы елорда аумағына тасқын суды өткізу бойынша кешенді жоспар бекітілді. Жоспарға сәйкес, су басуы ықтимал 27 учаске айқындалды. Оның әрбіріне байланысты атқарылатын жұмыстар мен қажетті материалдар және қаржыландыру көлемі пысықталды», - деп тоқталды Астана қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Игорь Алексеев.

Осы орайда ол негізгі шаралар Астана су қоймасына қатысты екенін айта келе, бұл су қойманың жобалық көлемі 410 млн текше метр екенін, 3 сәуірдегі жағдай бойынша су көлемі 282 млн текше метрге жеткенін атап өтті.

Бұдан бөлек ол қала маңындағы контрреттеуіштегі жағдайға тоқталды.

«Қазіргі кезде контерреттеуіште 2,6 млн текше метр су жиналған. Бұл нысанға 450 млн текше метрге дейін су жинауға болады»,- деп нақтылады маман.

Таратылған мәліметтерге қарағанда, қазіргі кезде Майбалық көліндегі судың көлемі 62 млн текше метрді құрады. Жалпы көлдегі сыйымдылық мөлшері 82-84 млн текше метр шамасында. Астана қаласының әкімдігі Майбалық көлінен шығып «Нұра - Есіл» каналына баратын қолданыстағы ұзындығы 5,4 км құрайтын каналды тазалауды аяқтады.

Сонымен қатар «Кіші Талдыкөл» ауданына ерекше назар аударылып, осы көлде бөгеттерді бекіту жұмыстары жүргізілді. Ал Ильинка тұрғын алабына тоқталатын болсақ, бұл жерде 500 метрлі бөгет қалыпқа келтірілді.

Белгілі болғандай, ағымдағы қыс мерзімінде қаладан шығарылған қар көлемі 3,1 млн текше мерді қамтыды. Ал өткен жылдың сәйкес кезеңінде 5,4 млн шаршы метр шығарылған болатын.

«Әкімдік жанында бірыңғай байланыс орталығы (109 қызметі) құрылды. Бүгінде 900-ге жуық хабарлама келіп түсті, оның 99 пайызы бойынша жұмыстарды іске асырдық. Қазіргі кезде 14-і бойынша жұмыстар пысықталуда», - деді И. Алексеев.