05:12, 18 Қыркүйек 2017 | GMT +5
«Астана» тасжолдағы велоспорттан Әлем чемпионатында 11-інші болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Норвегияның Берген қаласында өтіп жатқан тасжолдағы велоспорттан Әлем чемпионатында ерлер арасындағы командалық жарыс (стартқа жеке-жеке шығу) аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Мәреге бірінші болып «Sunweb» командасы жетті. ВМС командасы - екінші, «Sky» велошабандоздары үшінші нәтиже көрсетті.
Ал құрамына Сергей Чернецкий, Дарио Катальдо, Оскар Гатто, Андрей Гривко, Трульс Корсет пен Алексей Луценко енген «Астаналықтар» жарыс жолына шыққан 17 команданың арасында 11-інші болып келді.