Астана тәуелсіз Қазақстанның мақтанышына, оның гүлденуі мен әлемдік аренада орнығуының символы - Қ.Мәми

АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат Мәми өзінің блогында қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады.

Астана тәуелсіз Қазақстанның мақтанышына, оның гүлденуі мен әлемдік аренада орнығуының символы - Қ.Мәми

«Қымбатты қазақстандықтар, сіздерді елорда күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Астана - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың перзенті, ол тәуелсіз Қазақстанның мақтанышына, оның гүлденуі мен әлемдік аренада орнығуының символына айналды.

Бүгінде елдің бас  қаласы қуатты экономикалық локомотив болып табылады, мұнда мемлекеттің зияткерлік әлеуеті шоғырланған.

Болашаққа ұмтылған Қазақстанның елордасы - Астана әлемнің ең әдемі қалаларының қатарына кіреді, кейінгі бүкіл ұрпақтың сүйікті қаласы болады деп сенемін.

Елорда күні құтты болсын, құрметті қазақстандықтар!», - делінген құттықтау мәтінінде.