Astana Team шайбалы хоккейден халықаралық турнирде бірінші орынды иеленді
АСТАНА. KAZINFORM — Astana Team командасының ойыншылары шайбалы хоккейден 30 сәуір - 3 мамыр аралығында Италияның Аоста қаласында өткен халықаралық турнирде бірінші орынды иеленді.
Турнирге Канада, АҚШ, Франция, Швейцария, Венгрия, Нидерланды, Италия және Польша командалары қатысты. Турнир финалында Astana Team командасы Польшадан келген команданы 5:0 есебімен жеңді.
Айта кетейік, Astana Team командасының жаттықтырушылары Владимир Захаров пен Эдуард Мазулдың басшылығымен турнирге қатысу үшін Қазақстанның түкпір-түкпірінен ойыншылар шақырылды.
Айта кетелік Қазақстан футзал құрамасы FIFA рейтингінде қай орында тұрғаны туралы жазған едік.