«Астана-Темiртау» және «Алматы-Қапшағай» тасжолының құрылысы 2017 жылы салынып бiтпек
АСТАНА. ҚазАқпарат - "Астана-Темiртау" және "Алматы-Қапшағай" тасжолының құрылысы 2017 жылы салынып бiтпек. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Көлiк және коммуникация министрi Жеңiс Қасымбек мәлiм еттi.
"Астана-Темiртау" және "Алматы-Қапшағай" тасжолының құрылысы 2013 жылы басталды. Биыл құрылыс жұмыстары жол бағытының барлық учаскелерiнде жүредi және алғашқы 22 шақырым жол пайдалануға берiледi. "Астана-Темiртау" және "Алматы-Қапшағай" тасжолының құрылысы толығымен 2017 жылы аяқталады деп жоспарланған", - дедi министр.
Оның сөзiне қарағанда, биыл 298 шақырымдық Бейнеу-Шетпе жол учаскесiнiң 240 шақырымы пайдалануға берiледi. Және 2014 жылдан бастап Ақтау-Шетпе жолының құрылысы басталады.