«Астана» теміржол стансасында тероризмнің жолын кесу және зардаптарын жою жедел тактикалық жаттығуы өтіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Астана» теміржол стансасында 2015 жылға арналған терроризммен күрес бойынша астаналық жедел штабының жоспарына сәйкес тероризм актісінің жолын кесу және теміржол пойызына тигізетін зардаптарын жою жедел тактикалық жаттығуы өткізілуде.

«Астана» теміржол стансасында тероризмнің жолын кесу және зардаптарын жою жедел тактикалық жаттығуы өтіп жатыр

Іс-шараның мақсаты кепілдікке алынған және қолдан жасалған жарылғыш құралдарын қолданумен терроризм актісінің қаупі туындаған жағдайда Штаб күштері мен құралдарының өз міндетін атқару дайындығын тексеру болып табылады.

Жаттығуларды өткізу темір жол вокзалының қызметіне және пойыз қозғалысының уақытына әсер етпейді.