Астана – Теміртау тас жолындағы жарықтандыру желілері қалпына келтірілді

АСТАНА. KAZINFORM — Жолшылар «Астана-Теміртау» тас жолының учаскесіндегі жарықтандыру желілерін 14 сағат ішінде қалпына келтірді. 

Астана – Теміртау тас жолында жарықтандыру қалпына келтірілді
Фото: QazAvtoJol

«9-наурыз күні «Солнечная» подстанциясындағы 10кВ жарықтандыру желісінің зақымдануына байланысты «Екатеринбург-Алматы» автожолының км 1285-1290 учаскесінде электр қуаты өшіп қалған. Бүгін сағат 14:40-та учаскедегі жарықтандыру толық қалпына келтірілді. Жарықтандыру желілеріне электр қуаты беріліп, мәселе шешімін тапты. Жайлы көлік қозғалысы қамтамасыз етілді, - деп хабарлады QazAvtoJol компаниясының баспасөз қызметі.

 

Соңғы жаңалықтар