«Астана-Теміртау» жолында қозғалысқа шектеу енгізілуі мүмкін - ҚазАвтоЖол

Ауа райының нашарлауына байланысты «Астана-Теміртау» автожолында қозғалысқа шектеу енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметі. 

жол жабылды
Фото: Kazinform

"Республиканың орталық аймағына қарай өтетін циклонды ескере отырып, республикалық маңызы бар «Астана-Теміртау» автожолында қозғалысқа шектеу енгізілуі мүмкін екенін хабарлаймыз.
Осыған орай, құрметті, республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар, ауа-райы жайлы ақпаратқа назар аударып, сапарыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз, сонымен қатар көлік қозғалысын қамтамасыз ету үшін жол қозғалысы ережелерін сақтауыңызды сұраймыз!" делінген хабаарламада.

Республикалық маңызы бар автожолдардағы ахуал туралы бар ақпаратты «ҚазАвтоЖол» АҚ-ның тәулік бойы жұмыс істейтін бірыңғай байланыс орталығының 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы білуге болады. ​​

Сонымен қатар, Республикалық автомобиль жолдары ұлттық операторының ресми сайтындағы ситуациялық картадан да көре аласыздар.

Айта кетейік, бұған дейін Еліміздің екі облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін хабарлаған едік