Астана-Томск бағытында әуе бағдары ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - SCAT әуе компаниясы Астана-Томск бағытында тұрақты рейс ашты, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.
None
None

Бұл бағыттағы алғашқы ұшақ 2 маусымда ұшты. Әуе компаниясының мәліметінше, рейстер Bombardier CRJ-200 ұшағымен әр дүйсенбі сайын жүзеге асырылады. Елордалық жолаушыларға орта жолдан Алматы, Шымкент және Атырау қалаларының тұрғындары қосыла алады деп атап өтілуде. Ұшу уақыты - 1 сағат 50 минут. « Томск әуежайы » ЖШҚ директоры Роман Фроленконың атап өтуінше, бұл Қазақстаннан ұшатын алғашқы тұрақты рейс.

Алғашқы жолаушыларды Томск әужайында салтанатты түрде қарсы алды. Томск облысындағы қазақ автономиясының қоғамдық ұлттық-мәдени ұйымының қолдауымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар