Астана Томскімен әуе сапарларын жандандырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін SCAT әуе компаниясы  Томск-Астана бағдары бойынша рейстерді орындауға кіріседі, деп хабарланды Ресейдегі ҚР елшілігінің сайтында.

Астана Томскімен әуе сапарларын жандандырды

Әуе сапарлары аптасына екі рет орындалады, яғни дүйсенбі мен бейсенбі сайын CRJ200 ұшағы қалалардың арасын байланыстырады.

Айта кетейік, осындай рейстер бұған дейін де  жүзеге асырылған еді, алайда 2016 және 2017 жылдары тоқтап қалды.

Астанадан Томскіге қарай рейстер сағат 13:10-да (жету уақыты сағат 15:55-те) бағыт алса, ал кері бағытта сағат 16:50 кезінде (Астанаға сағат 17:30-де жетеді) іске асырылады. Уақыт әрбір әуежайға жергілікті мерзіммен көрсетілген.

Ұшу уақыты 1,5 сағатқа жуық. Билеттің бір жағына құны 7 мың рубль (35 мың теңге).

Көптен күтілген рейстің Астанаға қайта жандануы студенттерге үйлеріне қарай жол уақытын қысқартады, сонымен қатар іскерлік әрі туристік сапарларды айтарлықтай қолайлы етеді.