«Астана төңірегіндегі мыңжылдық» көшпелі өркениеті фестивалі ашылды

АСТАНА. Шілденің 5-і. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Кеше кешке елордалық саябақта «Астана төңірегіндегі мыңжылдық» көшпелі өркениеті фестивалі ашылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Арман Қырықбаев шараның басты мақсаты - көшпелілердің ежелгі тұрмысын көрсету және қазақ мәдениетінің бастауларына құрмет сезімін тәрбилеу екенін атап көрсетті. Бұл үшін  елордалық саябақ үш күнге Бозоқ ежелгі қалашығының көшірмесіне айналды, ол қазіргі Астананфың орнындағы ежелгі мекен болған.

Фесиваль көшпелі тұрмыстың барлық сән-салтанатын бейнеледі. Саябақ ауылдарға бөлінген, оған келген қала тұрғындары мен қонақтар бұдан екі жүз жыл бұрынғы көшпелі қазақ тұрмысымен танысты - қазақ киіз үйінің ішінде болып, жасауын тамашалады, халық кәсіпшілігінің қыр-сырымен танысты, бүркітшінің аң аулау сәтін, кезбе әзілкештердің өнері көрді. Фестиваль бағдарламасы басқа дәуірдің келбетін қаз-қалпында көрсете білді.

Фестиваль күндерінде мұнда көптеген шаралар ойластырылған. Үш күн бойы хан шатыры астында күйшілер, дәстүрлі әндер мен халық биі кештері өтеді. Сценарийде тарихи киім-кешек үлгілерінің шоуы, ақындар айтысы және ат құлағында ойнаған шеберлердің ойын-сауығы көзделген.

Фестиваль аясында қазақтың дертке дауа, жанға шипа қасиетті тағамы - қымызды дәріптейтін арнайы акция өтеді.

Соңғы жаңалықтар