Астана төрінде аралас жекпе-жектен ірі турнир өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат -  1 сәуір күні Астана қаласының «Сарыарқа» велотрегінде аралас жекпе-жек түрлерінен WFCA 35 турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана төрінде аралас жекпе-жектен ірі турнир өтеді

Елорда төрінде өтетін жекпе-жек кеші аясында жиырма жұп өзара күш сынасады. Турнирдің басты айқасы жеңіл салмақтағы Хусейн Халиев (Грозный, «Ахмат» клубы) пен бразилиялық Вальмир Лазаро арасында өтпек. Жарыс Астана уақытымен сағат 18:00-ге жоспарланған.

Астаналық көрермендер алдында аса жеңіл салмақтағы белбеу иегері Саид Нурмагомедов те өнер көрсетпек. Сонымен қатар, жанкүйерлер жергілікті Василий Тахтай, Диас Ерінғайыпов, Руслан Серікпулов, Гойти Дазаев, Фаниль Рафиков сынды файтерлердің жекпе-жегін тамашалай алады.