Астана түбіндегі жол апатынан зардап шеккендер арасында «Арыстан» хоккейшісі Артем Грачев бар

АСТАНА. 21 тамыз. ҚазАқпарат - Ақмола облысының түбінде болған жол апатының салдарынан теміртаулық «Арыстан» хоккейшісі Артем Грачев зардап шекті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Астана түбіндегі жол апатынан зардап шеккендер арасында «Арыстан» хоккейшісі Артем Грачев бар

Спортшы жедел медициналық көмек республикалық ғылыми орталығының нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Қамқорлығындағы ойыншысының жағдайы туралы «Арыстанның» бас жаттықтырушысы Вячеслав Белан  хоккейшінің тек есін жинағанынан ғана хабардар. Бірнеше сағаттан кейін оны көре алады.

«Дәрігерлер әзірше ештеңе айтпайды, сонда өзіміз барғымыз келеді. Егер оған дәрі-дәрмек немесе тағы басқа бірдеңе керек болса, міндетті түрде көмектесеміз. Оның есін жинағанын ғана білемін», - деді В.Белан.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 19 тамызында шамамен сағат 20:50-де Алматы-Екатеринбор тас жолының 1309-шы шақырымында ірі жол апаты болды, соның салдарынан 16 адам қаза тауып, 20-дан астамы жарақаттар алды.