Астана: түнде Аграрлық университеттің асханасынан өрт шықты
АСТАНА. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат - Елордада Қазақтың С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университетінің бас корпусында бүгін түнде өрт болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Мамырдың 5-іне қараған түні сағат 00.42-де асханадан өрт шығып, 15 шаршыметрге жуық аумаққа жайылған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің күшімен ауыздықталды.