13:02, 08 Мамыр 2017 | GMT +5
Астана тұрғын үй инспекциясы лифт ақауларының себептерін атады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана қаласы тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ-де елордада үйлерде лифтілер неліктен істен шыға беретінін түсіндірді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Негізгі себеп ретінде басқармада үй иелерінің бақылауының жоқтығы мен мамандандырылған ұйымдардың тиісті техникалық қызмет көрсетпеуін атады.
«Лифт дұрыс жұмыс істеуі үшін сапалы қызмет қажет. Сервистік ұйымды таңдау кезінде мамандардың, кәсіпорынның техникалық мүмкіндігінің болуына баса назар аудару қажет. Үй иелері көбіне бағасы төмен қызмет көрсету ұйымдарын таңдайды», - деді инспекциядан.
Өз кезегінде сервистік ұйым «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-1-бабына сәйкес үй-жай иелерінің жалпы жиналысында таңдалады. Содан кейін ПИК пен мамандандырылған лифт ұйымы шарт жасасады.
Еске салсақ, осы жылы сәуірдің өзінде «Эдем Палас-1» және «Эдем Палас-2» ТК-де лифттер құлады. Адамдар аман.