Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астана тұрғындары ағаштарға неге тор жабылғанын түсіне алмай жүр

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана-Зеленстрой» АҚ елорда ағаштарына тор жабу себептерін түсіндірді.

Астана тұрғындары ағаштарға неге тор жабылғанын түсіне алмай жүр

«Астана-Зеленстрой» АҚ шыршаларды күн сәулесінен қорғау үшін профилактикалық шаралар жүргізуде. Қаңтар айынан бері Астанада күн ашық. Ал ақпан-наурыз айларындағы жылымықта қылқан шығады. Фотосинтез болып, оған ағаш тіндерінде жиналған су жұмсалады. Мұздаған топырақтан еш ылғал келмейтіндіктен, қылқанға су жетіспейді. Күн сәулелері де физиологиялық нұқсан келтіреді. Сәуір айының ортасы мен аяғында топырақ жібіп, өсімдік тамырлары одан ылғал алатындықтан, бұл уақытта күн сәулелері қауіп төндірмейді», - деп хабарлады компанияның әлеуметтік желідегі ресми аккаунты.

Мамандардың айтуынша, қаланың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс бөлігіне, ауыр топыраққа отырғызылған өсімдіктерге көбірек қауіп төніп тұр. Әсіресе былтыр және биыл отырғызылып, қала ерекшелігіне бейімделіп үлгермеген өсімдіктер де қатер алдында тұр.