Астана тұрғындары ақпан айынан бастап мемлекеттік қызметтерді интернет арқылы ала бастайды

АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Астана қаласының тұрғындары алдағы ақпан айынан бастап мемлекеттік қызметтерді интернет арқылы алу мүмкіндігіне ие болады.
None
None

Бұл туралы елорда әкімдігінен хабарлады.

«Ақпан айының басында елорда әкімдігінде мемлекеттік қызметтерді ұсынатын веб-портал on-line режімінде жұмыс істей бастайды. Астана тұрғындары еңбекпен қамту, білім, тұрғын үй, жер қатынастары және тағы да басқа салалар бойынша қызметтердің 15 түрін үйлерінен шықпай-ақ пайдалана алады», - делінген таратылған хабарламада.

Электронды қызметтерді ұсынудың жаңа жүйесінің екі қауіпсіздік деңгейі болады. Олар - сайтқа кіруге мүмкіндік беретін логинді және құпия сөзді, сондай-ақ өтінімді растау үшін қажетті - жеке электронды сандық қолтаңба (ЭСҚ). ЭСҚ Жеке сәйкестендіру нөмірлері (ЖСН) бойынша беріледі және оны электрондық үкіметтің e.gov.kz сайтынан не болмаса Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болады.

Әкімдіктен анықтағандай, интернет арқылы көрсетілетін қызметтер тегін болады.

Соңғы жаңалықтар