Астана тұрғындары электр энергиясына 1,6 млрд. теңге қарыз

АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Астана тұрғындары электр энергиясы үшін 1,6 млрд. теңге қарыз. Бұл туралы бүгін Астанада күзгі-қысқы жылу беру маусымының аяқталуына орай өткен кеңесте қала басшысының орынбасары Василий Крылов мәлім етті.

Астана тұрғындары электр энергиясына 1,6 млрд. теңге қарыз

«Тұрғындардың тек «Астанаэнергосбыт» алдындағы қарызының өзі 1,6 млрд. теңгені құрайды. Су және кәріз желілері үшін - 270 млн. теңге, лифт қызметі үшін - 16 млн. теңге, газбен қамтамасыз етуге  34 млн. теңге берешегі бар», - деп атап көрсетті В. Крылов. 

 Оның пікірінше, қала билігі тұтынушылардан қарыздарды өндіріп алу бойынша тиімді жұмыстар атқаруы тиіс, коммуналдық төлемдер үшін әдейі ақша шығындамайтын заңды және жеке тұлғаларды БАҚ беттерінде жариялау бағытында белсенді шаралар қабылдауы қажет.