Астана тұрғындары құқық бұзушылықтар туралы 109 қызметіне хабарлауы керек - әкімдік

АСТАНА. ҚазАқпарат - 10-31 мамыр аралығында Астанада «Құқық тәртібі» жедел алдын алу шарасы өткізіледі, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Астана тұрғындары құқық бұзушылықтар туралы 109 қызметіне хабарлауы керек - әкімдік

Бұл шараның негізгі міндеті - елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Заңсыз жүрген мигранттарды анықтау. Іс-шара ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу аясында жүргізілуде.

Құқық қорғау органдары мен елорда билігі тұрғындар мен қала қонақтарын шараға белсенді қатысуға шақырады және құқыққа қайшы әрекеттер мен құқық бұзушылықтар туралы 109 қалалық бірыңғай қызметіне хабарлауды сұрайды.

Әр түскен ақпарат мұқият тексерілетін болады, деп сендіреді тәртіп сақшылары.