Астана тұрғындары «құпия» белгінің жауабын іздеп, бас қатыруда - ФОТО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда халқының, тіпті, Астанаға келетін кез келген қонақтың көп баратын орны - Есіл өзенінің жағасы, жағалау бойындағы әдемі саябақ. Міне, көктем келе, күннің салқындығына қарамастан, жағалауда серуендей бастаған жұрт бір аптадан бері әлеуметтік желіде де, сөз арасында да бір сұрақтың жауабын таппай әлек - мына суреттегі белгі қандай мағына береді?
None
None

Әлеуметтік желідегі белсенді жұрттың бірі бұл белгі «көпірдің астымен жүрме» деп ескертіп тұр десе, енді бірі «суға қоқыс лақтыруға болмайды», «кемемен жүзуге тыйым салынған» деген болжамын айтып жатыр. Тіпті, қалжыңға басқан елорда жастары «қайыр сұрауға болмайды», «мұз еріген», «суға кілем жууға болмайды» деген болжамдарын ұсынуда. Тіпті, бір «тапқыр» «елегенге үш үшбұрыш, екі болты, бір темір мен екі сим-карта салуға болмайды» деп, белгінің суретін желіге жүктеген.

Бұл белгінің қандай мағына беретіні ҚазАқпарат тілшісіне де қызық болды. Анықтағанымыз жоғарыдағы болжамдардың маңына да жуымайтын мағына екен.

Онда біле жүріңіз, бұл белгіні ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстар жөніндегі комитеті орнатқан екен.

«Дұрыстап қарасаңыздар, өзеннің жағасы осы белгіге қосымша көк тақтайша орнатып, «Су қорғайтын аумақ» деп жазғанбыз. Ол белгі ҚР СТ 1742-2008 стандарты бойынша бекітілген. Стандарт 2008 жылы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінде тіркеуден өткен»,-деп хабарлады АШМ Су ресурстар комитеті.

Сонымен, суреттегі белгінің мағынасы - бұл жерге өнеркәсіптік, тұрмыстық және ауыл шаруашылығы қалдықтарын көметін орын мен қойма орналастыруға болмайды деген сөз.

Соңғы жаңалықтар