Астана тұрғындары өз сайлау учаскесі туралы мәліметті арнайы ақпараттық дүңгіршектерде нақтылай алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сайлаушылар тізімін анықтау және осы жұмысты белсендіру мақсатында Астана қаласы әкімдігі тұрғындарға нақты уақыт тәртіптемесінде өз сайлау учаскесі туралы мәлімет алу мүмкіндігін ұсынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Осылайша, тұрғындарға келесі мекен-жайлар арқылы өз сайлау учаскесі туралы мәлімет алу мүмкіндігін ұсынылады:
- Астана қалалық әкімдігінің байланыс орталығының 55-66-55 телефоны бойынша байланыс орталығы тәулік бойы автоматты режімде ЖСН теру арқылы және жұмыс күндері сағат 9.00-20.00 аралығында, демалыс немесе мереке күндері сағат 10.00-20.00 аралығында операторлармен байланысу арқылы;
- Астана қаласы әкімдігінің «Электронды қызметтер» веб-порталының e.astana.kz мекен-жайы бойынша «Сайлау учаскесін іздеу» бөлімінде немесе astana.gov.kz веб-порталының «Пайдалы сілтемелер» бөлімі арқылы;
- «Өз сайлау учаскеңді тап» бөлімінде, адам көп жүретін қоғамдық орындарда орналасқан ақпараттық дүңгіршектер арқылы (ақпараттық дүңгіршектердің мекен-жайы e.astana.kz веб-порталының «Сайлау учаскесін іздеу» бөлімінде орналасқан).
Бұған қоса, әкімдік http://maps.astana.kz/election/ сайтында сайлау учаскесі шекаралары мен орталықтарын қарау мүмкіндігін ұсынады.
Сұрақтар туындаған жағдайда 55-66-55 тікелей желі телефоны бойынша сағат 9.00-20.00 аралығында, демалыс және мереке күндері сағат 10.00-20.00 аралығында Астана қаласы әкімдігінің байланыс орталығына хабрласуға болады.
Ақпараттық дүңгіршектердің орналасу тізімі
№
Нысанның атауы
Мекен-жайы
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕР МЕН КӘСІПОРЫНДАР
1.
Астана қаласының әкімдігі
Бейбітшілік көшесі, 11
(сол жағы)
Бейбітшілік көшесі, 11
(оң жағы)
2.
«Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ
Тәуелсіздік даңғылы, 7
3.
«Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппараты» ММ
Қабанбай батыр даңғылы, 33
4.
«Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты» ММ
Сарыарқа даңғылы, 13
5.
«Астана қалалық тұрғын үй басқармасы» ММ
Сейфуллин көшесі, 30
6.
«Оқушылар сарайы» МКК
Б.Момышұлы даңғылы, 5
7.
«Конгресс Холл» МКК
Кенесары көшесі,32
8.
Астана қалалық салық комитеті
Республика даңғылы, 52
9.
Астана қаласы «Алматы» ауданы бойынша салық басқармасы
Жұбанов көшесі, 16
10.
«Жастар сарайы» МКК
Республика даңғылы, 34
11.
«Астана қаласы әкімдігінің «Сарыарқа» аудандық жұмыспен қамту орталығы» КММ
Иманбаева көшесі,16
12.
«Астана қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КММ
Бейбітшілік көшесі, 25
(2-қабат)
13.
МКК «Қазақстан» спорт кешені»
Қ. Мұнайтпасов көшесі, 9
14.
«Ана мен бала орталығы» АҚ
Тұран даңғылы, 32
15.
«Бәйтерек» МКҚК
Сол жағалау, 1
ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ
16.
«Астана қаласы Сарыарқа ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы» ММ
Республика даңғылы, 43
17.
«Астана қаласы Алматы ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы» ММ
Күйші Дина көшесі, 29/1
18.
«Астана қаласы Есіл ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы» ММ
Сауран көшесі, 7
19.
«Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы» ММ
Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 20-40 көше, 2 үй
САУДА-ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫ МЕН БИЗНЕС ОРТАЛЫҚТАРЫ
20.
«Аружан» СО
Жансүгіров көшесі, 8/1
21.
«Ажар-Астана-Молл» СОО
Тәуелсіздік даңғылы, 34
22.
«Хан Шатыр» СО
Тұран даңғылы, 37
23.
«Сарыарқа» СО
Тұран даңғылы, 24
24.
«Mega Astana» СОК
Қорғалжын тас жолы, 1
25.
«Керуен» СОК
Достық көшесі, 9
26.
«Азия парк» СОК
Қабанбай Батыр даңғылы, 21
27.
«Қазақстан» ОКЗ
Орынбор көшесі, 10/1
28.
«Думан» СО
Қабанбай батыр даңғылы, 4
29.
«Оркен» БО
Бейбітшілік көшесі, 25
ТАСЫМАЛ
30.
«Астана халықаралық аэропорты» АҚ
Қабанбай батыр көшесі, 119
31.
Астана қалалық теміржол вокзалы
Гете көшесі, 1
32.
«Сапаржай- Астана» автобус вокзалы
Гете көшесі, 5