Астана тұрғындары үшін инфляция мен тұтыну тауарлары бағасының өсуі үлкен проблема болып табылады - зерттеудің қорытындысы

АСТАНА. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Астана тұрғындары үшін инфляция мен тұтыну тауарларының бағасының өсуі үлкен проблема болып табылады. Бұл туралы бүгін «Бәйтерек» Халықаралық медиа-орталығында өткен дөңгелек үстелде айтылды,

Астана тұрғындары үшін инфляция мен тұтыну тауарлары бағасының өсуі үлкен проблема болып табылады - зерттеудің қорытындысы

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының тапсырмасымен «Сарапшы» қоғамдық қоры кешенді әлеуметтік зерттеу өткізіп, елорданың үшінші секторының азаматтық қоғамның құрылу аясындағы дамуын қарастырды. Зерттеу мақсаты - Астана қаласының азаматтық қоғамының келешекте дамуы жөніндегі сарапшылар мен жұртшылық пікірін білу. Сауалнама ретінде жүргізілген іс-шараға елорданың 3 ауданынан 18 жастан асқан 600 адам қатысты. Сондай-ақ 60 сарапшы, оның ішінде БАҚ, ҮЕҰ өкілдері мен шенеуніктер қамтылды.

«Бүгінде Қазақстанда 25 мыңға жуық коммерциялық емес ұйым тіркелген. Олардың қатарында 10 саяси партия, 4 мыңнан астам діни ұйымдар,  ондаған кәсіптік одақтар, 3 мыңға жуық БАҚ және 5 мыңға жуық ҮЕҰ бар. Сұраудың нәтижелері бойынша Астана тұрғындарының жартысынан көбі ҮЕҰ-дың қалада жұмыс істейтіндігі туралы ешқашан естімегені анықталды», деді әлеуметтану магистрі Любовь Сартакова.

 Талдау тобының пікірінше, осы құрастырылған әдістемені елордада, сондай-ақ еліміздің басқа аймақтарында үшінші сектордың жай-күйіне мониторинг жасау үшін негіз ретінде алуға болады.