Астана тұрғындары жылы аялдамаларды қаланың шеткі жағында орнатуды сұрап отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласының көліктік кешенін дамыту бағдарламасына арналған қоғамдық тыңдаулар барысында қала тұрғындары қала әкімі Әсет Исекешевтен жылы аялдамаларды шеткі аудандарда орнатуды сұрады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана тұрғындары жылы аялдамаларды қаланың шеткі жағында орнатуды сұрап отыр

«Екі жылдан бері қалада біраз жылы аялдамалар пайдалануға берілді. Біздің ойымызша, ондай аялдамалар қала шетіндегі тұрғындар үшін аса қажет. Өйткені ол жақта желден мен суықтан қорғанатын нысандар аз. Осы жұмысты қолға алу қажет», - дейді Астана тұрғындарының бірі.

Астана әкімі Әсет Исекешевтің айтуынша, қазіргі кезде ол мәселе қаралып жатыр.

«Қайда және қандай павильондар қажет. Осыны қарап жатырмыз. Алдағы уақытта тиісті ақпаратты жариялаймыз. Аудан әкімдері де осы жұмысқа атсалысуы қажет», - деді қала басшысы.