Астана тұрғындарына ауыз су тапшылығы туралы ескертілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат -Астана қаласындағы аялдамаларда су тапшылығы мәселесіне арналған баннерлер іліне бастады.

Астана тұрғындарына ауыз су тапшылығы туралы ескертілуде

«Өте таяу келешекте-ақ Қазақстанда ауыз су тапшылығы орын алуы мүмкін» деген тақырыппен ілінген ақпараттың ішінде ауыз суды үнемдеудің ұтымды әдістері көрсетілген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
null 

Бүгінде қаланың бір тұрғыны жылына 20 мың литр суды рәсуа етіп, кәріз желілеріне ағызып отырады. Себебі қарапайым үнемдеу шаралары сақталмайды. Осы орайда, баннер авторлары келесі кеңестерді беріп отыр: ваннаның орнына душ қабылдаңыз; тамшылап тұрған шүмектерді дер кезінде жөндеп тұрыңыз; таңертең тіс тазалағанда суды жауып отырыңыз, дұрысы, тіс жуғанда суды арнайы стақанға құйып алып отырған жөн; ыдыс және кір жуғыш машиналарды толған кезде ғана пайдаланыңыз; тамақ ішіп болған соң, ыдыс-аяқты тағам қалдықтары жабыспай тұрғанда жуыңыз, сонда суды азырақ кетіретін боласыз; су багында екі түймесі бар унитазды орнатқан дұрыс; шүмектер мен душқа аэратор сияқты су үнемдеу құралдарын орнатыңыз.

Айта кетейік, бүгінгі күні Қазақстан үшін ауыз су мәселесі аса өзекті болып тұр. Себебі еліміздегі өзен-сулардың барлығы сырттан келеді.

null