Астана тұрғыны бесінші қабаттан мысық пен оның марғауларын лақтырып жіберген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сот үй жануарларына қатігездік танытқан Астана қаласының тұрғынын айыпты деп тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, астаналық тұрғын бұзақылыққа басып, мысық пен оның марғауларын целлофанға салып, бесінші қабаттан көшеге қарай лақтырып жіберген. Мұның салдарынан үй жануарлары мертігіп қалған.

Алматы аудандық №2 соты ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы 1-бөлігі бойынша қалалық тұрғынды кінәлі деп тапты. Оған 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (57 мың теңге) айыппұл салынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар