Астана тұрғыны «Хизб-ут-Тахрир» ұяшығын құруды жоспарлаған - ҰҚК

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Астанада «Хизб-ут-Тахрир» ұяшығын ашуды жоспарлаған тұрғын ұсталды, деп хабарлады ведомствоға сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА.

Астана тұрғыны «Хизб-ут-Тахрир» ұяшығын құруды жоспарлаған - ҰҚК

«1 наурызда ҰҚК соталды тергеу аясында Астанада «Хизб-ут-Тахрир» діни-экстремистік ұйымының ұяшығын құруға ниеттенген «А.К» есімді Астана тұрғыны ұсталды», - делінген хабарламада.

Бұдан бұрын  ақпанда Алматыда «Хизб-ут-Тахрир» идеясын насихаттаған парақшаларын таратпақшы болған оның сыбайласы ұсталған.

Бұл факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.