Астана тұрғыны лаңкестікті насихаттағаны үшін тұтқындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты ҚР ҚК 2-бөлімі 256-ші және 174-баптары бойынша айыпталып отырған Б.С.Берехановқа қатысты қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасына санкция берді, деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

Астана тұрғыны лаңкестікті насихаттағаны үшін тұтқындалды

«Айыпталушы шетелдердегі «тәкпір», «қарулы жиһад» радикалдық діни идеялардың жақтаушысы және исламның «салафизм» дәстүрлі емес ағымын ұстанушы бола отырып, Астана қаласының аумағында қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қасақана ауыр қылмыстық құқық бұзды», - делінген хабарламада.