Астана тұрғыны үйін мұнай өнімдері қоймасына айналдырған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда тұрғыны «Е» ЖШС-нің директоры бола тұра, өз үйінің аумағына мұнай өнімдерін алу және сақтауға арналған сыйымдармен, мотор сорғыларымен жабдықталған құрылыс жүргізген.

Астана тұрғыны үйін мұнай өнімдері қоймасына айналдырған

Астана қалалық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, Б. бензин және дизель отыны түріндегі мұнай өнімдерін заңсыз, құжаттарсыз сақтаған.

Сотта сотталушы мұнай өнімдерін заңсыз сақтады деген дәйекке қарсылық көрсетпеген.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Б. ҚР ҚК 197 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 50 АЕК көлемінде айыппұл жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.