Астана тұрғыны «Вконтакте» әлеуметтік желісінде діни араздықты қоздырғаны үшін 6 жылға сотталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында «Вконтакте» әлеуметтік желісі арқылы терроризмді насихаттап және дін туралы өзінің пікірлерін білдіріп, радикалды аудио, видео материалдарды таратқан қала тұрғынына қатысты үкім заңды күшіне енді.
Астана қаласының тұрғыны Б., «Вконтакте» әлеуметтік желісінде өзінің аккаунтын ашып, компьютерлік клубта және ұялы телефон арқылы ислам мемлекеті террористік ұйымы туралы видеороликтер қарап, оны көшіріп, ол туралы пікірлерін білдіріп, хат жазысқан.
Әлеуметтік желіні пайдаланушының жеке парақтарындағы ақпараттар "қарулы джихад" туралы негізгі принциптермен ережелерді тыңдаушыға жеткізу және оны түсіндіруге бағытталған, онымен қоса желіні пайдаланушының сөздерінде "кәпірлерге" қарсы теріс іс-әрекеттерді ояту орын алған. Айтылған сөздер тыңдаушыларды басқа діни ағым өкілдеріне қарсы арандатып, "қарулы джихад" құруға шақырады.
Әлеуметтік желідегі пайдаланушылар арасындағы Интернет хат алмасу барысындағы сөздер, мусылман дінін уағыздамайтындарға (кәпірлер) және діннен алыстағандарға қарсы зорлық-зомбылық қажеттігін көрсетеді.
Бұл көрініс оның радикалдық мәні бар екенін нақтылайды.
21 видеороликтің мазмұны, адамдарға қарсы қарулы күш қолдану, террористік актілер және ғимараттарды, көліктерді жаруды көрсетеді, сонымен қатар адамдардың өмірі мен қауіпсіздігіне террористік қауіп-қатер төндіру белгілері бар.
Сарыарқа аудандық №2 сотының 2015 жылғы 26 қарашадағы үкімімен қала тұрғыны Б. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодікстің 174-бабының 2-бөлігі, 256-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп табылып, мүлкі тәркіленіп, 6 жылға бас бостандығынан айырылуға сотталды.
2016 жылы 26 қаңтарда Астана қаласы қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасы сот үкімін өзгеріссіз, сотталғанның апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды, деп хабарлайды Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Үкім заңды күшіне енді.