Астана тұрғыны жарты келі героинмен ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласында елорда тұрғыны жарты келі героинмен ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«13 тамыз күні Астана қаласының Ішкі істер департаменті Есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шарасы барысында Қарағанды қаласының аумағынан бұған дейін сотты болған елордалық тұрғын ұсталды. Оның жеке заттарын тексеру барысында шамамен жарты келі героин табылып, тәркіленді», - деді департамент басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта одан ары тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар