Астана тұрғынының пәтеріне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті тұтқындалды - ҚР ІІМ
АСТАНА. 18 мамыр. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Астанада пәтерге баса-көктеп, үй иесін пышақпен қорқытып, 580 мың теңгесі мен алтын бұйымдарын иеленіп кеткен күдікті полицейлердің қолына түсті.
Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР ІІМ-нің Мемлекеттік тіл саясаты және ақпарат департаменті бастығының орынбасары Қаламқас Темірова мәлім етті.
Бүгін, баспасөз мәслихатында оның 24 жастағы жергілікті тұрғын екені айтылды.
Аталған азамат есіктің құлыбын сындырып, пәтерге кірді және 25 жастағы жәбірленушіні пышақпен қорқытып, 580 мың теңгесі мен алтын бұйымдарын иеленіп кетті деп күдіктелуде. Одан айғақ заттар алынған.
«Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамауға алынып, оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде», - дейді Қ. Темірова.