Астана түркі әлемінің мәдени астанасы атауына әбден лайық - актер Нұржан Тұтов
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ел жүрегі - Астана бүгінде нағыз шығармашылық ортасына айналған. Қаланың қайталанбас сәулеті, маңызды мәдени нысандар Қазақстан түгіл бүкіл Түркі әлемінің астанасы деп аталуына толық қақысы бар. Мұндай пікірімен «Тамаша» әзіл-сықақ театрының режиссері, белгілі қазақстандық шоумен Нұржан Тұтов бөлісті.
«Біздің астанамызда осы атауға лайық болатындай барлық мүмкіндік бар. Қайталанбас сәулет стилі, қайнап жатқан шығармашылық өмір, Опера театры сияқты әлемдік ауқымдағы мәдени нысандар қаламыздың мерейін одан әрі арттыра түседі», - деді Нұржан Тұтов.
Өнер адамы қаламыздың әлемдік астаналардың рейтингінде көш бастауына тілектестік білдірді.
«Біз көп тұрғыдан Еуропа, АҚШ, Ресей елдерімен иық тіресіп тұрған елміз. Менің қызым Александрияға оқуға барғысы келді. Мен «қызым, өзіміздің елде де мықты оқытушылар бар, Еуразия ұлттық университетіне түсеміз. Өз еліңді, өз Отаныңды сүюің керек дедім», - деп сыр бөлісті актер.