«Астана - түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында елордада 30-ға жуық шара өтеді

АСТАНА. 19 маусым. ҚазАқпарат - «Астана - түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында елордада 30-ға жуық іс-шара өтеді.

«Астана - түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында елордада 30-ға жуық шара өтеді

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық отырысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай мәлім етті.

Ағымдағы жылы Астана түркі әлемі мен достастықтың мәдени астанасы ретінде атап өтіліп жатқандығына тоқталған ол: «Жыл бойында «Жаңа мыңжылдықтағы жаңа астана» тақырыбымен фотосуретшілердің халықаралық кездесуі, мүсіншілердің бесінші кездесуі, қазақстандағы Әзербайжан күндері, фольклорлық би топтарының фестивалі, «Астана төңірегіндегі мыңжылдық» көшпелі өркениеті фестивалі жоспарланған», - деді ол.

Министрдің сөзіне қарағанда, ТҮРКСОЙ-ға мүше 14 елдің арасында Қазақстан елордасы ең бірінші болып мәдени астана ретінде жарияланған. Осыған орай, жыл соңына дейін 30-ға жуық ауқымды іс-шараны ұйымдастыру жоспарланып отыр.