Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астана турнирі: Қазақстандық теннисшілер чемпиондық атаққа таласады

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада Президент кубогы аясында өтіп жатқан халықаралық турнирде жұптық сында қазақстандық теннисшілер финалда ойнайды.

"Даулет" миллий теннис маркази
Фото: Ақорда

Ерлер арасында M15 турнирінде Даниял Рахматуллаев пен Дамир Жалғасбай соңғы бәсекеге жолдама алды. 

Қазақстандық дуэт жартылай финалда жапониялықтар Ю Танака –Саки Тангэні 6:3, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Д.Рахматуллаев – Д.Жалғасбай финалда жарыстың 1-ракеткалары, жапониялықтар Сора Фукуда – Сюнсукэ Мицуимен чемпиондық атақты сарапқа салады. 

Әйелдер арасында W15 додасында жұптық сында Аружан Сағындықова ресейлік Дарья Зелинскаямен бірге жартылай финалда тартысты бәсекеде турнирдің 1-ракеткалары, оңтүстіккореялықтар Хирэ Им – Ынчэ Кимді камбэкпен жолдан тайдырды – 1:6, 6:4, 10:3. 

А.Сағындықова – Д.Зелинская финалда екінші ракетка болып тіркелген жапониялықтар Юка Хосоки – Киса Ёсиокамен шеберлік таластырады. Бұл жапониялық жұп жартылай финалда қазақстандықтар Еркежан Арыстанбекова – Жанель Рүстемованы қапы қалдырды – 6:4, 6:2.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Испаниядағы жарыстың жартылай финалында ойнайтынын жазған едік

Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

Сондай-ақ үш қазақстандық теннисші Астана турнирінің жартылай финалына жолдама алды