Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жібек Құламбаева Испаниядағы жарыстың жартылай финалында ойнайды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Жібек Құламбаева жұптық сында Маспаломас (Испания, Гран-Канария аралы) ITF W100 турнирінің жартылай финалына шықты.

Жібек Құламбаева
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші чехиялық Анна Шишковамен бірге ширек финалда нидерландылық Деми Тран — франциялық Наийи Берекоэчэамен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-чехиялық дуэт аса қиналмастан, 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Бәсеке 1 сағат 8 минутқа созылды.

Жібек Құламбаева — Анна Шишкова финалға шығу үшін португалиялықтар Франциска Жорже — Матильда Жоржемен шеберлік таластырады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның әлемдк рейтингіде жұптық сында 115-орынға көтерілгенін жазған едік

Сондай-ақ Жібек Құламбаева Испаниядағы турнирдің ширек финалына шықты.

Тимофей Скатов Сан-Марино турнирінің ширек финалына өтті.