Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Тимофей Скатов Сан-Марино турнирінің ширек финалына өтті

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 150-ракеткасы Тимофей Скатов Сан-Марино челленджер турнирінің ширек финалына шықты.

Тимофей Скатов
Фото: ktf.kz

Тимофей Скатов екінші айналымда әлемнің 115-ракеткасы, финляндиялық Отто Виртаненге тап келді.

Матч 6:2, 6:4 есебімен Тимофейдің пайдасына шешілді.

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсекеде Скатов 2 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Виртанен 7 эйс, 1 брейкпен көзге түсті.

Тимофей Скатов жартылай финалға шығу үшін Перу өкілі Хуан Пабло Варильяс немесе италиялық Франческо Маэстреллидің қай жеңгенімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатовтың Сан-Марино турнирінде алғашқы қарсыласын жолдан тайдырғанын жазған едік

Сондай-ақ Жібек Құламбаева Испаниядағы турнирдің ширек финалына шықты.