«Астана» Твумасидің Ла Лига клубына трансферін рәсімдеуге жақын

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астананың» шабуылшысы Патрик Твумасидің испаниялық «Алавес» клубына ауысуына қатысты келіссөздер айтарлықтай алға жылжыды. Бұл туралы Sports.kz Graphic.com.gh. сайтына сілтеме жасап хабарлады.

«Астана» Твумасидің Ла Лига клубына трансферін рәсімдеуге жақын

«Graphic Sports Твумасидің клубы - «Астана» мен «Алавес» арасындағы келіссөздер шарықтау кезеңінде екенін растайды. Және ганалық футболшы жеке келісімшарттың шарттарын келісу үшін жуық арада Испанияға ұшып шығады деп күтілуде», - деп жазады басылым.

«Астана» Твумасидің клубтағы орнын босатуды ойластырып жатқаны туралы бұған дейін белгілі болған еді. Бірақ оның ресми себебі аталмады.

Айта кетейік, жазда Патрик Твумасиге тағы бір клуб - түркиялық «Гезтепе» қызыққан болатын. Бірақ «Астана» оның ұсынысын қабыл алмады.